Вторник, 09.03.2021, 0:15:22
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2018 » Декабрь » 20 » Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!
9:08:51
Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!

       Желтоқсан айының 14 жұлдызында ТОРА-16-1 тобының ұйымдастыруымен «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті.

         Мақсаты: студенттерге 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсінуге тәрбиелеу; Отан-Ананы құрметтеп, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету, патриоттық сезім қалыптастыру.

         Колледжміздің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Сәбит Қайырбекұлы студенттер мен оқытушыларды ата-бабамыз сан ғасырлардан бері армандап келген Тәуелсіздік күнімен құттықтап, тәуелсіздік жолында қазақ халқының қандай қиын кезеңдерді басынан кешіргендерін, осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ жастар екенін айтып өтті.

       Мерекелік іс-шарада желтоқсан оқиғасы туралы мағлұматтар беріліп, желтоқсан оқиғасының қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихымызға көз жүгірттік. Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып, олардың жасаған ерліктерін, көрген азабы мен қиыншылығын, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апайларымыздың есімдері айтылды.

         Шара барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалып, Желтоқсан туралы, Отан туралы, Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқылып, «Желтоқсан оқиғасы», «Желтоқсан желі», «Атамекен» бейнефильмдері көрсетілді.      

 

Фотоматериалдар:         

Ибраева Арайлым Саулеханкызы      

Просмотров: 220 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Copyright MyCorp © 2021
uCoz