27.11.17-02.12.17 жыл аралығында «Өзін-өзі тану, психология» пәндері апталығы өтті. Апталық аясында «Жалпыадамзатық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырылды. Дөңгелек столдың мақсаты студенттерге жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы терең мағлұмат бере отырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Іс-шарада тәрбиелік тақырыптағы видеофильмдер көрсетіліп, студенттер арасында тақырып бойынша қызу пірікталас туды. Аталмыш іс-шараға 1,2,3 курс студенттері, қалалық мұражайдың аға ғылыми қызметкері, тарихшы, археолог, педагог Қожақов Дәулет Асылханұлы қатысты. Дөңгелек столда студенттер отбасы тәрбиесі, ата-анаға құрмет көрсету, өмірде кездесетін қиындықтар және олармен күресе білу жайлы пікірлерлерін білдіріп, іс-шараға белсене қатысты.
Фотоматериалдар:




Өзін өзі тану пәнінің оқытушысы Әшірбекова Камшат Бөкеновна
|