02.10.20ж. ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің 80 жылдық мерейтойы мен кәсіптік білім беру жүйесінің төл мерекесіне арналған колледж студенттері арасында «Үздік мамандық иесі - 2020» кәсіби шеберлік байқауы өткізіліп, мамандықтың беделін арттыру барысында ұйымдастырылып өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
- мамандық бойынша студенттердің білім деңгейін, дағдыларын және іскерлігін анықтау; таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру;
кәсіби құзыреттілікті жетілдіру және болашақ мамандандықтарға ынталандыру;
Байқау қатысушылары 2-ші, 3-ші курс колледжі студенттері қатысты.
Қазылар алқасы барлық кемшіліктерге мән бере отырып, сұрақтар бойынша шешім қабылдап, байқау жеңіпаздарын: бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушыларды «Үздік мамандық иесі - 2020» грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.





Байқауға жауапты: Салгиева Маржан Танирберлиновна |