Среда, 03.03.2021, 11:41:09
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2018 » Ноябрь » 19 » Таңдай білгенге мамандықтың бәрі жақсы
9:49:06
Таңдай білгенге мамандықтың бәрі жақсы

     Мемлекет басшысы ұстаз беделін арттыру мәселесін ұдайы көтеріп келеді. Жолдауға сәйкес «Педагог мәртебесі туралы» заң дайындалуы үстінде. Биыл педагогтарға ұлттық біліктілік сынағы енгізілді. «Мұның барлығы білім бәсекесіндегі қабілеттілікті артыратыны сөзсіз  деді»-  Елбасы Жолдауында.

   Бұл ұстаздар мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің өз мамандығына қызығушылығын, белсенділігін арттыра түседі. Алдағы уақытта осы заң аясында мұғалімдерге артылатын жүктеме азайтылып, оларды ынталандыру үшін барлық жағдай жасалады. Осы Жолдауда Елбасы «Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше  сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды» деді. 

    Иә, қандай оқу орны болса да оның беделі азаматтардың жұмысқа тұру нәтижесі бойынша бағаланатыны белгілі. Шынында, оқу бітірген соң өз мамандығына сай жұмыс таппай қалу кімге де болса ауыр соғары сөзсіз. Бұл жағынан келгенде, кәсіптік білімге ұмтылғандар өз кәсібіне дер кезінде қол жеткізіп жүр деуге болады. Осындай игілікті істі жүзеге асыру қажеттігін Президент «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында 2-3 жылда дуалды, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруды тапсырған еді. Сол тапсырманың қорытындысы бойынша қазір кәсіптік колледждер оң нәтижеге ие болуда. ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде бүгінгі таңда «Электргазымендәнекерлеуші», «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандықтарының студенттері  дуалдық- модульдік оқыту жүйесі бойынша білім алуда.   Аталған мамандықтарға білікті, жоғарғы санатты өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары білім береді. Студенттер өздерінің теориялық сабақта алған білімдерін тәжірибеден өту барысында іс жүзінде көрсетіп, теория мен практиканы ұштастыра алатындықтарын көрсетті.

         Дуалды білім беру жүйесі дегеніміз- теория мен тәжірибені ұштастыра отырып білім беру, еңбекке баулу. Әр талапкер мамандығына сәйкес білім ордасында оқығанын өндіріс ошағында көзбен көріп, қолымен ұстайды. Бұл арқылы олар іскерлікті тікелей жұмыс үстінде танып біледі. Егер осы  жұмысты серіктесіп, тығыз қарым-қатынас аясында: мемлекет, өндіріс, кәсіптік және техникалық оқу орындары бірлесе жүргізсе, өз жемісін береді. Біз мұны өз тәжірбиемізбен көріп жүрміз.  

     Қараша айының басында Қарағанды облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына қарасты «Тәлімгерлер мектебінің» тренері К.А.Оспанова «Жұмыс орнында оқыту» тақырыбында семинар  өткізді. Семинарға колледждің өндірістік оқыту шеберлері мен бірге студенттер тәжірибеден өтетін кәсіпорындардың білікті мамандары қатысты. Семинар барысында білім беру процесінде модульдік оқыту жүйесін қолдана отырып, оқу жылының басында оқу-жұмыстық бағдарламасын кәсіпорындардағы тәлімгерлермен бірлесе отырып жасап, бекіту керектігі, тәлімгерлердің тәжірибеге жетекшілік етуі ақылы түрде жүзеге асатындығы  айтылды. Сонымен қатар тәлімгерлерге практиканттармен жұмыс жасаудың заманауи әдіс-тәсілдері, формалары түсіндірілді. Осындай екі жақты біріктірілген жұмыстың студенттердің тәжірибеден өтуі барысында нәтижеге ие болуына  әсері мол және  колледждің әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста жұмыс жасайтындығының айғағы болып табылады. Біздің студенттер бос уақыттарында кәсіпорындарда жұмыс жасап, оларға айлық төлеп отыру ісі де шешімін тауып келеді. Сондай кәсіпорындардың бірі ретінде «Жібек жолы» ЖШС атауға болады. Студенттер аталмыш кәсіпорыннан тәжірибеден өту барысында оларға айлық еңбекақы төленеді. 

      Бір сөзбен айтқанда, жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз еткен оқу орындары ғана алдағы уақытта өз өрісін кеңейтері хақ. Ал оған жауап бере алмағандар нарық алаңынан шығып қалуы мүмкін. Бұл Жолдаудың ерекшелігі бізді осындай ұмтылысқа  жетелеп, алдымызға мақсаттар қойып, соның орындалысын талап етіп отыр.  Талаптан шығу -басты міндет деп білемін.

Салгиева М.Т. - Қазақстан Республикасы «Халық қаһарманы»

Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің

өндірістік оқыту шебері.

Просмотров: 251 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Copyright MyCorp © 2021
uCoz