Среда, 03.03.2021, 11:28:33
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2018 » Ноябрь » 20 » Шәкәрім мұрасы – мәңгілік мұра
9:55:22
Шәкәрім мұрасы – мәңгілік мұра

  Таяуда ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өтті. Бұл апталықта Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ХХ ғасырдың басында ұлы қазақ поэзиясының көшін арқалаған арқалы ақын, ойшыл, ғұлама ғалым – Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 толуына арналған «Шәкәрім мұрасы – мәңгілік мұра» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шәкәрім бес арыстың бірі, үлкен мәдениет қайраткері, ойшыл, лирик, эпик ақын, жиырмадан астам әні бар сазгер, аудармашы, тарихшы, «Алаш» партиясының мүшесі, Абай мұрагерлерінің бірегейі, жан-жақты дамыған ақыл иесі. Сондықтан, мен, бұл кеште Шәкәрім тұлғасына тереңдей үңілуге тырыстым.

     Бұл кештің мақсаты: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы студенттердің  рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету, студенттердің қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау. Бұл әдеби кештің барысында студенттер Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен жан-жақты танысты.             Пән мұғалімі ретінде өзім алдымен тарихи тұлғаның шығармашылығына арналған әдеби-сазды кештің мақсатына жан-жақты тоқталып өттім. Кештің шымылдығы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі туралы бейнефильммен ашылды. Кештің жүргізушілері  Сайлаухан Ермахан мен Қайратұлы Ақтілеу ақынның өмірінен толымды сыр шертіп, шығармашылық шың белестеріне тоқталды. Слайд тақтасы арқылы қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын туралы мол мағлұматтар беріліп отырылды.  Мұнымен қоса Ш. Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы, мұражайы,  ескерткіштері туралы  бейнефильмдер көрермен назарына кезең-кезеңімен ұсынылды.

       Бұдан соң колледж студенттері Дүрмағанбетова Ботагөз, Мырзаханова Әйгерім, Есен Нұртай, Сүйіндіков Темірлан, Мұқтаров Нұрасыл, Ағыбаев Нариман, Диханов Аңсар, Болатхади Серіктер Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқып көрермендерді бір серпілтті. 

      Әдеби - сазды жыр жыр кешін одан әрі қарай колледж студенттері қайта жалғастырды. Олар  «Шәкәрім және Толстой», «Абайдың батасы» атты сахналық көріністер көрсетіп, көрермендердің ризашылығына бөленді. Бұл көріністе ТОРА-16-1 тобының студенттері Аманұлы Саламат, Сейфулла Қабиболла, Бекдайыр Ақтілек, МС-16-1 тобының студенті Толбатов Максим, ЭГС-16-1 тобының студенті Төлеутай Нұрболат, сахнада өз рөлдерін жақсы ойнап шықты. Бұл саханалық қойылымда әсіресе бас рөлді сомдаған Ш. Құдайбердіұлын ТОРА-16-1 тобының студенті Бекдайыр Ақтілек пен Лев Толстойдың рөлін сомдаған МС-6-1 тобының студенті Толбатов Максимді, ұлы Абай Құнанбаевтың рөлін сомдаған ТОРА-16-1 тобының студенті Аманұлы Саламатты ерекше атап өткім келеді. Бұл студенттер өз рөлдерін өте тамаша ойнап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Әдеби - сазды кеш барысында Ш. Құдайбердіұлының бірнеше әндері шырқалып, көрермендер қошеметіне бөленіп отырды. Кеш соңында шырқалған «Тәуелсіз Қазақстан» атты ән де көрермендерді бір серпілтіп тастады.

      Шәкәрім - қазақ мәдеиеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі. Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше.Ақынның мұрасы  халық әлеуетінің өткені мен келешегінің жарқын көрінісі болып қала береді. Қазақ поэзиясының асқар шыңы  Абай қалдырған  шығармашылық  дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы - әдебиетіміздің асыл қазынасы, оның оның ақындық мұрасы қазақ жастарының ғасырлар бойы өнегелі өсиет ретінде естерінде сақталып келеді сақтала бермек.

       Шәкәрім салған сара жол– бұл күндері қанатын кеңге жайған, тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған Тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын табуда. 

 

Фотоматериалдар:

ҚР "Халық қаһарманы" Р. Қошқарбаев атындағы

Балқаш  техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті

      пәнінің  оқытушысы 

Алибаева Райхан Баймухатовна

       

Просмотров: 262 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Copyright MyCorp © 2021
uCoz