2019 жылдың 6 ақпанында Ж.К Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі ғимаратында экономикалық пәндер облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес "Студенттің сүйікті ісінен - сәтті бизнеске" атты дайын заттардың жәрмеңкесі өтті. Шараны Қарағанды облысының білім беруді дамыту орталығының және Қарағанды облысының "Атамекен" аймақтық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қарағанды банк колледжі ұйымдастырды.
Жәрмеңкенің мақсаты - студент жастардың заманауи бизнеске деген қабілет, қызығушылықтарын арттыру.
Жәрмеңкеге Қазақстан Республикасы «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенттері қатысты. Оған колледждегі техникалық «Шебер қолдар» үйірмесінен Әсімхан Жасұлан кіші көлемдегі сувенирлік шелек (жетекшісі Жумагулова А. О.) , Әскербек Қазбек темір жол кастельдерінен балғалар (жетекшісі Жакупова М. К.), Бекдайыр Ақтілек ағаштан киім ілгіштің екі түрі (жетекшісі Ибраева А. С.), Адығұл Нариман ағаштан жасалған қасықтар жиыны (жетекшісі Аманбекова Ж. Т.), Бақдәулет Мәди ағаш орындықтар (жетекшісі Серикова С. Е.), «Темір ісінің шеберлері» үйірмесінен Сейсекеев Ерасыл қаңылтырдан сәнді раушан, қызғалдақ гүлдер (жетекшісі Баймуханова А. С.), Сакен Әли металл түтікшелерінен жасалған ваза (жетекшісі Шарипов К. Г.), Диханов Аңсар сәндік бақ ілмегі және металдан жасалған бұйымдар (жетекшісі Сейдахметов Б.А.) , Байжанов Мади слесарлық балғаның екі түрі (жетекшісі Смагулова С. М.) және «Декор» үйірмесінің студенттері Шыныбаев Самат бетоннан жасалған кашпо (жетекшісі Сакенова Ж.Д.), Толбатов Максим, Абай Әділет кофе үстелі орындықтарымен (жетекшісі Салгиева М.Т.) , Борщевская Ксения тоқылған заттар (жетекшісі Курманова К.К.) өз қолдарынан шыққан бұйымдарын ұсынды. Облыстың 27 колледждерінен қатысқан жәрмеңкеге қойылған жұмыстар ішінде студенттердің жасаған бұйымдары көпшіліктің көңілінен шықты. Студенттер жәрмеңкеде өз қолдарынан жасаған бұйымдарының жасалу әдіс –тәсілдерімен бөлісті.
Шарада белсенділік танытқан жетекшілер мен студенттерге сертификаттар табысталды.
Фотоматериалдар:







Өндірістік оқу шебері: Баймуханова А.С.
|