2020/2021 оқу жылының 12.10.2020ж. бастап 16.10.2020жыл аралықта Э191 тобы «Өндірістегі электромеханикалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету» мамандығы бойынша «Халық қаһарманы»Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің 80 жылдық мерейтойы мен кәсіптік білім беру жүйесінің төл мерекесіне арналған апталығы өтті.

Сонымен қатар Интелектуалды интерактивті «Білім аукционы» ойыны өтті
Міндеттері мен ойынның мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін дамыту және ойлау қабілетін, зейінін, шығармашылық қиялын жетілдіру;
1. практикалық тапсырмаларды шешуге студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру;
2. студенттерде жеке тұлғаның мінез-құлық сапаларын, ұжымшылдық сезімін, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауды, зейінділікті, ұжымда жұмыс істей білуді қалыптастыру;
3. оқушылардың даралығын және олардың шығармашылық әлеуетін ашу.
4. электротехника, еңбекті қорғау пәндері бойынша білімдер мен дағдыларды қорыту және жүйелеу.
«Білім аукционы» интеллектуалды-интерактивті ойыны бойынша Э-19-1 тобының студенттері қатысты, олар әрқайсысы 4 адамнан тұратын 2 командаға бөлінді, 1-команда – Ампер, 2-команда – Волт.

Аптаның қорытындысын бойынша кәсіби аптаның белсенді қатысушыларын марапаттау.


|