Вторник, 09.03.2021, 1:12:28
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2018 » Март » 30 » Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!
12:52:05
Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!

    Наурыз – береке-бірліктің, ізгілік пен татулықтың, еңбектің, ауызбіршілік пен бауырмалдықтың мерекесі, жаңа жылдың жаршысы, пәк пейілдің, ақ тілектің арқауы. Колледжімізде наурыз айының 20 жұлдызында жақсылықтың жаршысы болған, осынау көктемнің шуақты мерекесіне байланысты ұмытылып бара жатқан көне дәстүрлерімізді жаңғыртып, жастарымыздың рухани байлығын дамытып, ұлттық өнерімізді, салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, жасөспірімдердің бойына имандылық, инабаттылық, мейірімділік, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты мерекелік іс шара өтті.  Іс шара барысында жылдағы дәстүр жалғасын тауып, колледждің спорт залына сән-салтанатымен келіскен киіз үйдің макеті қойылып, ұлттық нақышта безендірілді. Наурыз мерекесі жиналған жұрт бір-біріне ақ тілек пен оң ниетін білдіріп, қауышуынан басталды. Колледж директоры С.О.Бейсембеков колледж ұжымы мен студенттерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Бұдан соң, «Бәйшешек» қыздар биімен ұласып, ортаға «Жер ана» шығып,  наурыз мерекесіне шашуын шашты. Шара барысында  колледж оқытушылары, өндірістік оқу шеберлері (Нугманова Н., Сарсембеков Б., Жакупова М., Жеңіс А., Карашолакова А., Орынбекова С.)  және студенттердің дайындауымен құрсақ той, шілдехана, нәрестеге азан шақырып ат қою сияқты жиі қолданылып жүрген салт-дәстүр мен ұмытыла бастаған жөн-жоралғылардан көрністер қойылса, мерекелік әсем әндер мен бишілердің де өнері жиналғандардың көнілін көтерді. Сонымен қатар, мерекелік іс шара қазақтың ұлттық ойындары: қол күрестен, қазақша күрестен жарыс, арқан тарту сияқты қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен мадақтама берілді. Қол күрестен Э-16-1 топ студенті Жұматаев Жасұлан жеңіске жетсе, қазақша күресте ТОРА-16-1 топ студенті Тулебаев Азат жүйрік шықты. Арқан тартудан ЭГС-17-1 тобы жеңді. Қара жорға биіне жарысқа түсіп, жеңіске жеткені үшін «Үздік жұп» номинациясымен ЭГС-16-1 топ студенті Жақанов Саламат пен Э-17-1 топ студенті Хожабеков Дәуірхан марапатталды. Мерекелік іс-шара соңында ұлттық тағамдардан мол дастарқан жайылып, дәмі тіл үйірер наурыз көже таратылды. Наурыз мерекесі Балқаш техникалық колледжінде ерекше аталып өтті. Студенттер белсенділік танытып, тәрбиенің бастауы рухани құндылықтарымызды  бойларына сіңіре отырып, шат – шадыман көңіл- күймен тарасты.

Фотоматериалдар:


 

Ақпаратты әзірлеген: Жетписбекова Г.Қ
 

Просмотров: 355 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Март 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright MyCorp © 2021
uCoz