Вторник, 09.03.2021, 0:57:46
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2017 » Ноябрь » 2 » Мамандық таңдау - болашақты таңдау
10:30:28
Мамандық таңдау - болашақты таңдау

2017 жылы 20-шы қазан күні Қазақстан Республикасы «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде  Балқаш қаласының  80 жылдық мерейтойы аясында  «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша аймақтық колледж студенттері арасындағы «Ең үздік маман-2017» байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты:  қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті сапалы мамандық иелерін  дайындау, кәсіби біліктіліктерін арттыру, сонымен қатар WorldSkills байқауына дайындық.

Байқауға қатысушылар Шет агротехникалық колледжінің студенті  Калилинов Райымбек , өндірістік оқыту шебері  Қыздарбеков Ануар Сапарович, Қарқаралы қаласы М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық коллледжінің  студенттері Амандық Ербұлан, Құсайын Нәби , өндірістік оқыту шебері Даурыкбаев Баян Толеуович, Егіндібұлақ агротехникалық  колледж студенті Маханов Дархан, өндірістік оқыту шебері  Кожабаев Берик Матаевич, ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенттері Сейсекеев Ерасыл және Бахытбекұлы Әділет өндірістік оқыту шебері  Шарипов Қайрат Ғаниұлы. Байқауға қатысушы студенттер берілген модульдер бойынша тапсырмалар орындады.

Байқау барысында  колледждің оқыту шеберханаларында өндірістік оқыту шеберлерінің қатысуымен  шеберлік сабақтары өткізіліп, көрермендердің көңілінен шықты.

«Көркем сәнді сылақ» шеберлік сабағы  ө/о шебері Сакенова Ж.Д.

  

«Металды суықтай ию» шеберлік сабағы   ө/о шебері Шарипов К.Г.

 

«Слесарлық жұмыстан шеберлік сабағы» ө/о шебері  Жумагулова А.О.

  

Байқауға қатысушы студенттердің модульдер  бойынша орындаған тапсырмаларына сарапшылар әділ бағаларын берді.

Байқау қорытындысы бойынша 1-ші  дәрежелі дипломмен  М. Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінің  студенті Амандық Ербұлан, 2-ші  дәрежелі дипломмен  ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенті Сейсекеев Ерасыл, 3-ші дәрежелі дипломмен  М. Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық коллледжінің  студенті  Құсайын Нәби  марапатталып, сыйлықтар  тапсырылды.

Қалған байқауға қатысушы студенттерге сертификаттар мен естелік сыйлықтар, өндірістік оқыту шеберлеріне алғыс хаттар табысталды. 

 

Мақаланы дайындаған:

Өндірістік оқу шебері: Баймуханова Айжан Сапарғалиқызы

 

Просмотров: 283 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Copyright MyCorp © 2021
uCoz