Вторник, 09.03.2021, 0:44:19
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2021 » Февраль » 23 » «Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы»
2:22:26
«Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы»

           12.02.21ж. қазақ тілі пәні бойынша пән оқытушысы Жетписбекова Г.К. «Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында  Э-20-1к тобында ашық сабақ өткізді.

           Сабақтың мақсаты: ұлтымыздың заңғар жазушысы, дарынды драматург, ғұлама ғалымы Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылық еңбектерімен таныстыру, ұлттық әдебиетке, әлем әдебиетіне қосқан үлесі, Абайтану ғылымының негізін қалаған зерттеуші екеніне тоқталып,  шығармашылығынан насихаттау; студенттерді әдеби шығарманың жанрлық табиғатын танып білуге, көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға бере отырып, ұлттық рухты бойына сіңіру адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;

           Сабақ М.Әуезовтың «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады» деген қанатты сөзінен басталды. Сабақ барысында АКТ, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін сабақтың мазмұнына сай пайдаланып, нақтылығымен, түсіндірген материалдарының айқындылығымен ерекшеленді. Студенттер  «Суреттер сөйлейді» және «Жасырын ұяшықтар» тапсырмаларында жазушының өмірі мен ғылым жолындағы еңбектері, шығармалары туралы ойларымен бөлісіті.  Өздік жұмыс кезінде студенттер жазушыға арналған ақын-жазушылардың пікірлерін тыңдап, «Менің ойымда Мұхтар Әуезов» тақырыбында өз ойларын жинақтап, кластер құрады. Бекіту бөлімінде тест сұрақтарына жауап беріліп, кері байланыс 3-2-1 стратегиясы бойынша сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Студенттердің танымдық  қызығушылығы мен белсенділіктері әр тапсырманы орындау барысында көрніс тапты. Жалпы сабақ ақпаратқа, ізденіске толы болды.

Қазақ тілі пәні бойынша пән оқытушысы Жетписбекова Г.К.

Просмотров: 10 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Февраль 2021  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Copyright MyCorp © 2021
uCoz