Әлем әдебиетіне «Абай жолын» сыйлаған, Абайдай ақыны арқылы елін танытқан дарын иесін, бүкіл рухани өміріміздің қалыптасуында зор еңбек еткен ғұлама суреткер, ұлтымыздың заңғар жазушысы, дарынды драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов Омарханұлының 120 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында «Әлемге әйгілі Мұхтар Әуезов» атты әдеби сазды кеш өтті. Кеш барысында колледж студенттері Мұхтар Әуезовтың әдебиетші, қоғам қайраткері ғана емес, Абайтану ғылымының негізін қалап, қалыптастырған зерттеуші екеніне тоқталып, өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі төңірегінде сыр шертті. Сондай-ақ I-II курс студенттері «Ұлы адамдардың естеліктері» тақырыбында ақын –жазушылардың Мұхар Әуезовке арналған естеліктері мен арнау жыр- шумақтарын жатқа оқыды. Ұлы жазушының балалық шағы, алмағайып қуғын-сүргін замандағы мұрат-мүддесі және әдеби-мемориалдық музей-үйі туралы деректі фильм, бейнероликтер, слайд-презентация көрсетіліп, өмірі мен шығармашылығына көрме ұйымдастырылды.
Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан кемел ойлы кемеңгер жазушы М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. Өйткенi, М.Әуезов құдiретi оның елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр. Осы бiр ақиқатты сезiну мына бiздерге, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады.
Фотоматериалдар:


Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Жетисбекова Гульсара Канагатовна
|