Среда, 03.03.2021, 11:11:00
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2018 » Январь » 16 » Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы
11:13:00
Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы

«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік»

                                                                                                                          Н. Назарбаев

      Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында таяуда ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы Балқаш қаласының филиалы мен Балқаш қаласы «Тілдер орталығы» коммуналдық мемелекеттік мекемелерімен келісе отырып, «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық төрағасының бірінші орынбасары Б. М. Секербекова, Балқаш  қаласы «Тілдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры  Қ. М. Маулетова, «Нұр Отан» партиясы ардагерлер кеңесінің төрайымы, білім саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы, Балқаш қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Ш. Р. Сыздыкова, Балқаш қаласының №4 «Сырлас» кітапхана-филиалының меңгерушісі Ш. Б. Қожамұратовалар қонақ ретінде шақырылды. Мұнымен қоса дөңгелек үстелге колледж ұстаздарымен өндірістік оқыту шеберлері, ата-аналар мен студенттер және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты. Дөңгелек үстелді колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Р. Б. Алибаева ашып, жүргізді. Ол Елбасының «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызына тоқтала отырып, осы бағдарламаның аясынды колледжде өткен әр түрлі іс-шаралар туралы айтты. Одан әрі қарай дөңгелек үстелдің мақсатына тоқталды.  Дөңгелек үстелдің мақсаты – латын әліпбиіне көшудің тарихи-рухани қажеттілігі, маңыздылығы туралы ақпарат беру. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы қоғамдық пікір қалыптастыру. Жаһандану мен жаңғырудың алғы шарттарының бірі болып табылатын  латын әліпбиі туралы хабардар ету, жаңа әліпби – әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі екендігіне көз жеткізу. Дөңгелек үстелді жүргізуші Р. Б. Алибаева сөз кезегін колледж директоры С. О. Бейсембеков жолдасқа берді. Елбасының терең мазмұнға толы « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты құнды еңбегінің бағыттарына тоқталып өткен колледж басшысы латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақ еліміздің дамуына  үлкен үлес қосып,  жемісі мен жеңісін әкелетінін айтты. Бұдан кейін дөңгелек үстелді жүргізуші Р. Б. Алибаева сөз кезегін  «Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық төрағасының бірінші орынбасары Б. М. Секербековаға берді. Күн тәртібіне қойылып отырған тақырып ауқымының аса кеңдігін тілге тиек еткен Бибігүл Мәжитқызы маңызды мәселеге шынайы пейілмен ден қою, оның күнделікті өмірде жиі кездесетін өзге жайттардан анағұрлым өзгеше екендігін ескеру қажеттігін айрықша атап өтті. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтқанын, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп бергенін, енді оны халық болып қолдауымыз қажет екенін,  бұл – заман талабы екеніне тоқталды. Елдің болашағына тікелей қатысы бар істің жүйелі әрі мінсіз жүзеге асырылуына мүдделілік таныту әр азаматтың қастерлі парызы болуы тиістілігіне назар аударды. Негізгі мақсат – Қазақстандағы әр азаматтың мемлекеттік тілді жетік білуіне жағдай жасау екендігін, тіліміз еркін дамыған жағдайда Қазақстан Тәуелсіздігі тұғырына түседі деп есептейтінін, латын әліпбиіне қабылдау да осы ұлы мақсат жолындағы басты қадам екенін айтты. Бұдан әрі қарай дөңгелек үстелдің барысында Балқаш қаласы Аналар кеңесінің төрайымы, білім саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы, «Нұр Отан» партиясы ардагерлер кеңесінің төрайымы Ш. Р. Сыздыкова «Латын әліпбиі – жаңалыққа ұмтылу, жан  дүниені  жаңарту» атты баяндамасында латын әліпбиіне көшудің – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал тигізетініне сенімі мол екенін,  балалары, немерелері, әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктермен қаруланып, ешкімнен кем қалмауын армандайтынын айтты. Әрі қарай дөңгелек үстелді Балқаш  қаласы «Тілдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры  Қ. М. Маулетова «Латын әліпбиінің ақпараттық технологияларды меңгеруге әсері» атты баяндамасымен жалғастырды. ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі  директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары С. К. Байсеркин  «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы», Балқаш қаласындағы №4 «Сырлас» кітапхана-филиалының меңгерушісі Ш. Б. Қожамұратова  «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А. С. Нурсейтова «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам», осы колледждің тарих пәнінің оқытушысы Б. Т.Сарсембеков «Қазақ әліпбиінің тарихы: латынға көшпейміз, латынға ораламыз», колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Р. Б. Алибаева  «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі», колледждің  шет тілі пәнінің мұғалімі А. С. Жаксыбекова «Жаңа  әліпби  -  болашаққа  бағдар» атты тақырыптарда баяндамалар оқып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына кеңінен тоқталды.

            Дөңгелек үстелде студенттер де бей-жай қалмай, батыл ойларын білдірді. Колледждің  Э-16-1 тобының студенті  Жылқыбай Оразалы «Келешектің кілті - латын әліпбиі», ЭГС-16-1 тобының студенті Сайлаухан  Ермахан «Латын әліпбиінің маңызы», ТОРА-17-11 тобының студенті Отт Эрих «Рухани жанғырудың жолы  - латын әліпбиі», Э-16-1 тобының студенті  Әсімхан Жасұлан «Латын әліпбиіне көшу – дұрыс таңдау» атты баяндамаларын оқып, өз ойларымен бөлісті. Олар сөздерін латын әліпбиіне көшудегі мақсатымыз мемлекетіміздің атағын әлемге асыру деп түйіндеді. Бұдан соң сөз алған колледж ата-аналар кеңесінің төрайымы Р. К. Нокербекова бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып, жұртшылық арасында түрлі ой-пікір қалыптастырып жатқан қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесін өзі қолдайтынын және бүгінгі дөңгелек үстелдің маңызына тоқтала отырып, колледжде мұндай іс-шаралар жиі өтіп тұратынын, өзі сол іс-шараларға бірнеше рет куә болғанын айта келіп, студенттер мен ұстаздарға өзінің ризашылдығын білдірді. Бұл шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар латын графикасын негізінде қазақ әліпбиінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажеттіліктер туралы өз пікірлерін ортаға салды,  жақсы пікірталас болды. Әрбір туындаған сұрақтарға орынды жауап беріліп отырылды. Жарыссөз ұйымдастырылып, дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Келелі сөз, кеңінен пікір алмасулар өрбіген келісті әңгіме барысында ортаға орнықты ойлар, тегеурінді тұжырымдар молынан салынды. Шараға қатысушылар латын әліпбиіне көшуді қолдайтынын бірауыздан мақұлдады.

               Дөңгелек үстел соңында оның қорытындысы шығарылып, дөңгелек үстелдің қарары көпшілік назарына ұсынылып, бірауыздан қабылданды. Әрі қарай келген қонақтарға мақалалар жинағы мен алғыс хаттар тапсырылды.   

                    Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тегеурінді болып, әлемдік тәжірибені игеруіміз үшін санамызға тың серпін керек. Осындай серпіліс арқылы бүкіләлемдік кеңістікке ене аламыз. Келешек ұрпақ өз кезеңінде тарихи мәселенің ұлылығын мойындайтын болады. Ендігі жұмыс біз халық арасында аса маңызды қадамды дұрыс насихаттап, ұғынықты жеткізе білуіміз қажет.

Фотоматериалдар:

                                                                                                           ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің оқытушысы

Алибаева Райхан Баймухатовна

Просмотров: 266 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Copyright MyCorp © 2021
uCoz