Вторник, 09.03.2021, 1:04:51
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2019 » Январь » 18 » Латын әліпбиіне көшу-нағыз халықтық ұйғарым (семинар)
9:21:39
Латын әліпбиіне көшу-нағыз халықтық ұйғарым (семинар)

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы  12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттілігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

     Елбасы Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Премьер-Министрінің өкімімен «Қазақ тілі әліпбиін латын шрафикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітіліп, алғашқы кезең бойынша әртүрлі формадағы жұмыстар басталып та кетті. Соның бірі ретінде ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде өткен «Латын әліпбиіне көшу-нағыз халықтық ұйғарым» атты семинар-практикумды айтуға болады. Семинар-практикум теориялық және практикалық бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Кабдулина Айгерім латын әліпбиінің тарихы, қолданылу аясы, ағылшын тілімен жақындығы жайлы айтып өтсе, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Әшірбекова Кәмшат  латын әліпбиінің емлелік ережелеріне, яғни, емле ережесі жобасының құрылымы, жаңа емледегі жаңалықтар, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, шеттілдік сөздердің таңбалануы жайына тоқталды. Практикалық бөлімде колледж педагогтары 3 топқа бөлініп, тақырыпқа сай бірнеше ойын түрінде өткізілген тапсырмалар орындады. Іс-шараның соңында әр топ  латын әліпбиіне көшудің себептері, тиімді жақтары, қаншалықты қиындық туғызуы мүмкін  деген сұрақтар төңірегінде өз пікірлерін білдіріп, семинарды қорытындылады.

   Латын әліпбиіне кіру - әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз.

Фотоматериалдар: 

Әшірбекова К.Б - қазақ тілі пәнінің оқытушысы.

 

Просмотров: 252 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2021
uCoz