Вторник, 09.03.2021, 1:32:20
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2018 » Сентябрь » 18 » Кәсіптік байқау - заман талабы
2:50:23
Кәсіптік байқау - заман талабы

    15 қыркүйек 2018ж Қазақстан Республикасы «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша  2-ші және 3-ші курс студенттері арасында байқау  өткізілді.

    Байқаудың мақсаты: ҚР «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша өткізілетін 3-ші аймақтық «Ең үздік маман-2018»  байқауына  қатысушыларды анықтау және Қарағанды қаласында өтетін техникалық және  кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасындағы өңірлік «WorldSkills Karaganda» чемпионатына  дайындық.

    Бұл байқауға  студенттер қызығушылықтарымен қатысып, әр берілген жұмыстарды жауапкершілікпен орындап, жақсы көрсеткіштерге ие болды. Атап айтқанда, 3-ші курс студенттері Абай Әділет, Жақанов Саламат дәнекерлеу технологиясының қыр-сырын  меңгерсе, 2-ші курс студенттері Боқай Қайыржан мен Сакен Әли өз жұмыстарын шеберлікпен орындағандарын көрсете білді. Студенттердің жасаған жұмыстарына  өндірістік оқыту жөніндегі директордың орынбасары С.К.Байсеркин, аға шебер М.З.Бижанбек, ө/о шебері Қ.Ғ.Шарипов олардың жіберген кемшіліктері мен жетістіктеріне әділ бағаларын бере отырып, алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.   Колледжіміздегі осындай іс-шаралар өткізу болашақ мамандардың мәртебесін көтеріп, біліктіліктерін арттыра бермек.

Фотоматериалдар:

Просмотров: 328 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Copyright MyCorp © 2021
uCoz