Елбасының биылғы Қазақстан халықына жолдаған дәстүрлі Жолдауында 2019 жыл "Жастар жылы" болып жариялануына байланысты 06.12.2018ж. күні Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен қалалық "Jana beles" көрмесі өтті. Балқаш техникалық колледжінің студенттері көрмеге өз қолдарымен жасаған жұмыстарын ұсынды.
Көрмеге төмендегі жұмыстар қойылды: "Демалуға арналған бақтағы орындық", "Садовая скамейка для отдыха" (холодная ковка с орнаментом, сиденье сделано из дерева), жұмыстың авторы: Сейсекеев Ерасыл ЭГС-16-1 тобының студенті, жетекшісі: Баймуханова Айжан Сапаргаликызы, "Кофе ішуге арналған үстел орындықтарымен", "Кофейный стол со стульями" (металический каркас с орнаментом, облицовка из пластиковой мозаики), жұмыстың авторы:Сакен Әли ЭГС-17-1 тобының студенті, жетекшісі: Сакенова Жанат Даулетовна, "Құрал-саймандар салуға арналған ұяшықтары бар тумба", "Тумба с ячейками в комплекте" (тумба изготовлен из металлических листов), жұмыс авторы: Әсімхан Жасұлан Э-16-1 тобының студенті, жетекшісі; Сейдахметов Болат Аскарович, "Мырыштан жасалған сәндік шелектер", "Ведерки декоративно- оцинкованное" (изготовлен из тонколистового оцинкованного листа), жұмыстың авторы: Бақдаулет Мәди, Э-17-1 тобының студенті, жетекшісі: Жумагулова Алмат Орынбековна, "Ағаштан жасалған киімілгіштер", "Вешалки деревянные" (изготовленные из дерева и металла), жұмыс авторы: Бекдайыр Ақтілек ТОРА-16-1 тобының студенті, жетекшісі; Серикова Салтанат Есенгалиевна "Вазадағы гүлдер", "Ваза со цветами"(из металла и обычной жести), жұмыс авторы: Байжанов Мәди Э-17-1 тобының студенті, жетекшісі: Смагулова Сауле Махметовна.
Жасалған жұмыстар көпшіліктің көңілінен шығып, ұйымдастырушылар тарапынан қатысқан студенттерді алғыс хаттармен марапаттады.
Фотоматериалдар:






|