Вторник, 09.03.2021, 1:36:23
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2021 » Февраль » 19 » Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл
9:58:57
Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл

          05.02 күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің апталығы аясында пән оқытушысы Г.К.Жетписбекованың ұйымдастыруымен дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың  туғанына 110 жыл толуына  арналған «Ұлт рухын асқақтатқан дауылпаз ақын»  атты әдеби-сазды кеш өтті.

          Іс-шараның мақсаты соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан, XX ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қайраткерлерінің бірі, ақын, журналист, драматург, сазгер және аудармашы Қ. Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығынан жан-жақты мағлұмат бере отырып, ақынның рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.

          Осы мақсатта  ақынның өмір жолы мен шығармаларынан бейнеролик, слайд көрсетіліп, көрме  ұйымдастырылды. Кештің жүргізушілері Елемес Бақытжан мен Қанибетов Диас ақынның өмірінен толымды сыр шертіп, шығармашылық белестеріне тоқталды. Майдан өмірінің өткір де қатыгез шындығын арқау етіп, тәуелсіздікті аңсап өткен арманы жолында ақындығымен, азаматтығымен, қайсарлығымен өрілген  ақының өлеңдерін

Э-20-1к тобының студенттері Асқар Ерсұлтан, Жарболова Гүлім, Қанибетов Диас, Орынтаева Мөлдір, Рахман Уәлихан, Сайлаубай Мейірман, Сержанов Мерей, Утешов Асылан, Тулеухан Әлішер, К-20-1 тобының студенттері Ерланұлы Ербол, Қайыпқан Аружан, Мансурова Әлия және Э-19-1 тобынан Амантай Жандос  мәнерлеп жатқа оқып, белсенділік танытты. Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған әндерді «Ақ сәулем», «Өзім туралы», «Дариға, сол қыз» шырқалып, көрермендерді ерекше сезімге бөледі.

             Қасым Аманжоловтың шығармашылық жолы қысқа болды, бірақ өзі ұзақ өмір сүрмесе де, өзегін жарып шыққан өлеңдеріне ұзақ өмір сыйлады. Кеш барысында  ақын поэзиясын тереңірек зерделеген колледж студентері  жырларынан шабыттанып, рухани азық алды десек болады.

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.К.Жетписбекова

Просмотров: 11 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Февраль 2021  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Copyright MyCorp © 2021
uCoz