Вторник, 09.03.2021, 1:50:39
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2018 » Октябрь » 31 » Дәнекерлеушілер додасы
3:57:48
Дәнекерлеушілер додасы

       Бүгінгі студент -ертеңгі маман. Олардың ертеңгі күні бәсекеге қабілетті, өз ісінің білгір маманы болып шығуы,  алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру өте маңызды.

  Осы орайда Қазақстан Республикасы «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде «ҚР Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаевтың туғанына  95 жыл толуына орай, 12-ші қазан күні «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша дәстүрлі 3-ші рет өңірлік колледж студенттері арасында «Ең үздік маман-2018» байқауы  өткізілді.

  Байқауға Шет агротехникалық колледжі, Ақтоғай агротехникалық колледжі, «ҚР Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенттері қатысты. Аймақтық конкурстың дайындығына, ұйымдастырылуына, жалпы ережеге сай  өтуіне  колледж директорының өндірістік оқыту жөніндегі  орынбасары Байсеркин Сәбит Қайырбекұлымен  аға шебері Бижанбек Мейрамқұл Зәкенұлы басшылық жасады.

    Колледж директоры С.О.Бейсембеков байқаудың ашылуымен құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі. Студенттер шеберханада қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқау алып,  көлденең қиылысу жігі, тігінен қиылысу жігі диаметрі 50мм құбырды айналдыра жартылай автоматты және диаметрі 32мм құбырға  аргонды-доғалы сақина жігін дәнекерлеу сияқты төрт модуль бойынша сайысқа түсті.

    Байқау барысында ө\о шебері Баймұқанова Айжан Сапарғалиқызының жетекшілігімен колледждің 3-ші курс  студенті Сейсекеев Ерасыл дәнекерлеу шеберханасында «Металды суықтай соғу» шеберлік сағатын өткізіп, өз қолымен темір түтікшелерден  әр түрлі қалыпта қазақтың ұлттық ою-өрнектерін келістіре иіп көрсетті.  Сонымен қатар слесарлық шеберханада ө\о шеберлері Сейдахметов Болат Асқарұлы, Жұмағұлова Алмат Орынбекқызы дайындаған  студенттер Әсімхан Жасұлан, Бақдәулет Мәди кіші көлемдегі сувенирлік  шелек жасаса, Салгиева Маржан Танирберлиевнаның шәкірттері Шәкірова Дильназ, Нұрғалы Елжас темір жол кастельдерінен балғалар жасады. Жас болса да өздерінің теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білетін Ибраева А.С, Серікова С.Т сияқты жас мамандардың үйретуімен Бекдайыр Ақтілек, Байжанов Мади ағаштан киім ілгіштің екі түрін, Төлеутай Асет, Құттыбеков Айдын электрод қалдықтарынан әр түрлі ұзындықта шегелер жасап көрермендердің көңілінен шықты. Студенттердің өз қолдарынан жасалған бұйымдары қонақтарға сыйға тартылды.  

   Бұл байқауға  студенттер қызығушылықпен қатысып, әр берілген жұмыстарды жауапкершілікпен орындап, жақсы көрсеткіштерге ие болды.

 Студенттердің модульдар бойынша жасаған жұмыстарына қазылар алқасы мен тәуелсіз эксперттер әділ бағаларын берді. Байқау соңында колледж директорының өндірістік оқыту жөніндегі  орынбасары С.К.Байсеркин сөз алып, қорытынды бойынша 1-ші орын «ҚР Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің  студенті Абай Әділетке берілсе, 2-ші орынды  Ақтоғай агротехникалық колледжінің студенті Абдибеков Серікбол иеленді,  3-ші орын Шет агротехникалық колледжінің студенті Калилинов Райымбекке бұйырып,  дипломдармен марапатталды. Өндірістік оқу шебері Смагулова Сәуле Махметовнаның  студенті Сакен Әли орын алмаганымен жақсы көрсеткішке ие болды. Байқауға қатысқан студенттерге сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілсе, өндірістік оқыту шеберлері алғыс хаттармен марапатталды. 

 

Фотоматериалдар:

 

Материалды дайындаған:  Өндірістік оқу шебері Баймуханова А.С.

 

 

 

 

Просмотров: 257 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Copyright MyCorp © 2021
uCoz