«ҚР Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі. Аталмыш колледжде сәуір айының бесінші жұлдызында студенттер арасында слесарлық жұмыс бойынша «Қалақша жасау технологиясы» тақырыбында жарыс өтті. Жарысты өндірістік оқыту шебері Аманбекова Жанар ұйымдастырды.
Жарыстың мақсаты: болашақ мамандардың біліктіліктерін, кәсіптік шеберліктерін қалыптастыру, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары білім алушыларының арасында Қарағанды қаласында өтетін өңірлік «WorldSkills Karaganda» чемпионатына дайындық жасау.
Жарыс басталмас бұрын студенттердің дайындығы, қолданылатын материалдар тексеріліп, техникалық қауіпсіздік ережесі түсіндірілді. Сайыс барысында колледж директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Байсеркин Сәбит, аға шебер Бижанбек Мейрамқұл, өндірістік оқыту шебері Сейдахметов Болат студенттердің жұмысына баға беріп, нәтижесі бойынша қорытындысын шығарды. Сайыс қорытындысы бойынша ЭГС-18-1 тобының студенттері Асылхан Бексұлтан 1 орын, Диханов Аңсар 2 орын, ЭГС-17-1 тобының студенті Власов Данилл 3 орынды иеленді. Осындай түрлі деңгейдегі сайыстар алдағы уақытта жалғасын таппақ.
Фотоматериалдар:







Өндірістік оқу шебері Аманбекова Жанар Тлеубергеновна
|