Вторник, 09.03.2021, 1:50:59
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2017 » Декабрь » 6 » Болашақ мамандық таңдау және оның өмірдегі маңызы
3:34:45
Болашақ мамандық таңдау және оның өмірдегі маңызы

     Қазақстан Республикасы «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі мен №16 қазақ орта мектебінің біріктірілген үгіт жүргізу жұмыстары жақсы ұйымдастырылған.  Үгіт жүргізушілер мектеп әкімшілігімен ақылдаса отырып, жылдық жұмыс жоспарларын құрып, сол бойынша жұмыс жүргізеді.

    Алғашқы үгіт жүргізу жұмыстарын оқушыларға мамандықтар  мен оқуға қабылдау туралы жарнамалық қағаздар және хабарландырулар таратудан бастайды. 9, 11 сынып бітіруші түлектерімен әңгіме-сұхбат жүргізіп, колледж өмірі туралы слайд-фильм көрсетіледі. Сонымен бірге «Болашақ мамандық таңдау және оның өмірдегі маңызы», «Мамандық таңдаудағы қателіктер», «Мамандықты қалай таңдауға болады?» тақырыптарында әңгімелер  жүргізіледі. Түлектердің ата-аналарымен де кездесулер болып тұрады.

       Колледжге экскурссия ұйымдастырып, мектеп оқушылары оқыту кабинеттері және оқыту шеберханаларымен таныстырылады. Мектептің демалыс уақыттары кезінде бекітілген кесте бойынша «кәсіби сынамалар» өтіп тұрады.

       Жыл сайын колледжде өтетін «Ең үздік маман» байқауына  мектеп оқушыларын көрермен ретінде қатысуларына ықпал жасалады. Және бұл мектеп оқушылары үш жылдан бері құрылысшы мамандығының апталығында өтетін «Спорт- мастер» спорттық- өндірістік сайысына қатысып келеді. Бұл спорттық-өндірістік сайыста командалар: кірпіш қалайды; көркем пазл жинайды; көркем әрлеу жұмысын жасайды. Бұл жұмыстарды мектеп оқушылары сабақтан бос уақытта колледжге келіп, алдын ала үйреніп дайындалады. Былтырғы оқу жылында бұл сайысқа №16 мектептен басқа, №5 орта мектеп, №3 мектеп-интернаттарының 9-шы сынып оқушылары және Қазақстан Республикасы «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің сылақшы мамандығында оқитын 1 курс студенттері қатысты. Сайыстың жүлдесі «Алтын қалақ» кубогын  №16 мектеп жеңіп алды.

        Сонымен бірге, жылда №16 мектеп пен колледж студенттері арасында волейболдан жарыс өткізіліп отырылады.

       Осындай іс-шаралар мектеп пен колледж арасында өз жалғасын таба бермек.

Оқушыларға мамандықтар  мен оқуға қабылдау туралы жарнамалық қағаздар және хабарландырулар тарату

«Мамандықты қалай таңдауға болады?» тақырыбында әңгіме жүргізу

«Мамандық таңдаудағы қателіктер» тақырыбында әңгіме  жүргізу

Колледждегі экскурссия

Кәсіби сынама іс-шарасы

«Спорт – Мастер» спорттық- өндірістік сайыс

Волейболдан жарыс

Ата-аналармен кездесу

«Болашақ мамандық таңдау және оның өмірдегі маңызы»

«Болашақ мамандық таңдау және оның өмірдегі маңызы»

Үгіт жүргізушілер: Алибаева Райхан Баймухатовна, Сакенова Жанат Даулетовна

 

 

 

Просмотров: 235 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Copyright MyCorp © 2021
uCoz