Вторник, 09.03.2021, 0:27:06
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2017 » Декабрь » 20 » Балқашым – құт мекенім
11:17:14
Балқашым – құт мекенім

   Қаламыздың 80-жылдығына орай қазанның 6-сы күні қалалық өлкетану мұражайында «Балқашым – құт мекенім» тақырыбымен студенттер арасында тарих, мәдениет, этнография және өлкетану білгірлерінің «Бабалар мұрасы – халық қазынасы» атты зияткерлік сайысы өткізілді.

   Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен аталмыш сайыс биыл 16-шы рет өткізіліп отыр. Сайыстың негізгі мақсаты – студенттердің туған жеріміздің тарихына, салт-дәстүріне деген қызығушылықтарын арттыру, бірлікке тәрбиелеу, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, жастардың бойынан Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін ояту болып табылады. Аталмыш шараға Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің, Балқаш көпсалалы колледжінің және «ҚР Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенттерінен құралған үш топ қатысты.

  Жалпы, сайыс 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде студенттер «Балқаш өңірінің суретшілерілерінің туындылары» атты тақырыбындағы алдын ала берілген шығармашылық тапсырмаларын көрермендер мен қазылар алқасына ұсынды. «Жанды сурет» көрсетілімінің түпнасқасына сәйкестілігі мен қатысушылардың сахналық мәдениетін, шеберлігін және т.б. ерекшеліктерін бағалау болып табылады.

 ҚР Халық қаһарманы Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенттері қаламыздың атақты суретшісі Өміргелді Әбеуовтың «Металлург» туындысымен таныстырды.

  Ал екінші кезеңінде «Ерен еңбектері елге үлгі» тақырыбында сайыскер топтарының көшбасшылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 қазақстандық жаңа есім» бағыты бойынша қаланың экономикалық, мәдениетін еселеуде ерен еңбектері мен есімдері ел арасында құрметке ие болған жерлес тұлғалардың өмірбаяндары жайлы слайд-баяндамаларын ортаға ұсынды. Бұл сайыста колледжіміздің студенттері біздің колледждің түлегі, қаламыздың спорт саласына еңбегі сіңген боксшы, Олимпиада жеңімпазы Василий Жировтың өмірбаянын слайд-баяндама ретінде ортаға салды.

  Үшінші кезеңінде «Туған жер – алтын бесігім» атты тақырыбында әр топтың қатысушылары Балқаш өңірінің қасиетті орындары мен жерлерінің тархымен таныстырды. Біздің студенттер «Балқаштың басталуы» атты слайд-баяндамамен қаламыздың мыс қорыту зауытының алғашқы тарихы туралы айтып берді.

   Төртінші кезеңде әр топтың студенттері есімдері Балқаш өңірі ғана емес, жалпы қазақ халқының тарихында елеулі орын алатын, аттары аңызға айналған тұлғалар Күләш Байсеитова, Мағауия Хамзин және Ағыбай батыр өмірбаяндары бойынша сұрақтарға жауап берді.

  Байқаудың қорытындысы бойынша «ҚР Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі студенттерінің тобы II дәрежелі Дипломды иеленді. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орын ешкімге берілмеді.

    Сайыстың соңында әр топқа мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

 «ҚР Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі студенттері тобының құрамында өнер көрсеткен келесі студенттер: Жылқыбай Оразалы, Әсімхан Жасұлан, Өмірбеков Әділ, Мұқатаев Бекзат, Серікболов Айдос және Мырзаханова Мадина.  Топ жетекшісі: Сарсембеков Бейбитжан Турарович

Фотоматериалдар:

Тарих пәнінің оқытушысы Сарсембеков Бейбитжан Турарович

Просмотров: 241 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Copyright MyCorp © 2021
uCoz