Вторник, 09.03.2021, 1:50:01
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2017 » Ноябрь » 27 » Бабадан қалған асыл сөз
11:03:28
Бабадан қалған асыл сөз

   Таяуда ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі Қаз дауысты  Қазыбек бидің туғанына – 350 жыл толуына орай «Бабадан қалған асыл сөз» атты әдеби-сазды кеш өтті. Әдеби-сазды кеш барысында колледж  студенттері шешімсіз дау қалдырмай, қиын түйіннің жігін тауып, бойындағы сөз маржанын жеріне жеткізе, сезіндіре серігілте сөйлеп, күмәнсіз сендіре білген қызыл тілдің шебері, айтыс-тартыста озып шыққан жүйелі сөздің жүйрігі, тайынбай, тайсалмай, шындықты, әділетті жақтаған абзал азамат Қазыбек Келдібекұлының өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты.  Қазақтың үш жүзін бір хандыққа қаратып, оның орта жүзінің тізгінін берік ұстаған беделді биі, әділ қазы, асқан талант иесі, үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің елшісі бола білген. Пән мұғалімі ретінде өзім алдымен халқымыздың айтулы кемеңгер билерінің бірі шешендігімен дараланып, көзге түскен тарихи тұлғаның шығармашылығына арналған әдеби-сазды кештің мақсатына жан-жақты тоқталып өттім. Кештің шымылдығы Қазыбек бидің өмірі туралы бейнефильммен ашылды.Кештің жүргізушілері Жабағытаев Таңатар мен  Сайлаухан Ермахан оның өмірінен толымды сыр шертіп, шығармашылық шың белестеріне тоқталды. Слайд тақтасы арқылы асыл сөздің зергері, көріпкел ойдың иесі, өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыры туралы мол мағлұматтар беріліп отырылды. Мұнымен қоса Қазыбек Келдібекұлының өмірі мен шығармашылығы, шешендік сөздері, ескерткіштері туралы  бейнефильмдер көрермен назарына кезең-кезеңімен ұсынылды. Бұдан соң колледж студенттері Қаламан Абай, Сайлаубеков Айдос, Бердібек, Тамабаев Ердәулет, Мағапаров Архат, Тілеуқұл Ерлік, Сандыгулов Нуржанат Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік сөздерін мәнерлеп, жатқа оқып көрермендерді бір серпілтті.  Әдеби-сазды жыр кешін одан әрі қарай колледж студенттері қайта жалғастырды. Олар  «Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтайшыға берген жауабы» атты сахналық көрініс көрсетіп, көрермендердің ризашылығына бөленді. Бұл көріністе ЭГС-16-1 тобының студенттері Тілеуқұл Ерлік, Төлеутай Нұрболат, Сандығұлов Нұржанат, Сайлаухан Ермахан, Э-15-1 тобының студенттері Жабағытаев Таңатар,Болатов Рысбек, К-15-1 тобының студенті Исабеков Айдар,  Аманкелді Жандос,ЭГС-15-1 тобының студенті Тұрысбек Қамбар, ТОРА-15-1 тобының студенттері Ыбырайкенов Дархан, Тулеубаев Жансерік сахнада өз рөлдерін жақсы ойнап шықты. Бұл сахналық қойылымда қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбектің айтқан сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: « Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын,» - деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралғандығы туралы айтылды. Әдеби-сазды кеш барысында Қазақстан, Мәңгілік ел, қазақ тілі, үш жүз  туралы бірнеше әндер шырқалып, көрермендер қошеметіне бөленіп отырды. Кеш соңында шырқалған «Мәңгілік ел» әні де көрермендерді бір серпілтіп тастады. Салиқалы, салмақты ойдың ұшқыры, қызыл тілдің шебері Қаз дауысты Қазыбек би мұрасы  халық әлеуетінің өткені мен келешегінің жарқын көрінісі болып қала береді. Оның шешендік нақыл сөздері қазақ жастарының ғасырлар бойы өнегелі өсиет ретінде естерінде сақталып келеді сақтала бермек.

 

ҚР "Халық қаһарманы" Р.Қошқарбаев

атындағы Балқаш техникалық колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Алибаева Райхан Баймұхатовна

Фотоматериалдар:

 

 

 

                

 

 

 

 

 

Просмотров: 263 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Copyright MyCorp © 2021
uCoz