Среда, 03.03.2021, 12:21:23
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2018 » Март » 26 » Бәсекелестікке сай болу - заман талабы
12:00:12
Бәсекелестікке сай болу - заман талабы

   Наурыз айының 13-16 күндері аралығында Қарағанды қаласында облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  студенттері арасында «WORLDSKILLS KARAGANDA» өңіраралық чемпионаты болып өтті. Чемпионаттың мақсаты болашақта бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы студенттердің білім сапасын, іскерлігін анықтау.

      Сайысқа Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінен үш мамандық бойынша 6 студент қатысты.

     Өңіраралық чемпионатқа студенттердің қатысуына қол ұшын беріп, қолдау көрсеткен колледждің әлеуметтік серіктестері - «Балқаш Жібек Жолы» ЖШС директоры Түсіпбеков Марат Ынтызарбекұлына, «Қуат-Қайрат» ЖШС басшысы Қуатбеков Болат Төлеуғұлұлына, «EVROPLAST.KZ» ЖШС басшысы Есенбеков Саят Мұқажанұлына алғыс білдіреміз.

    Енді сайыс жайлы сөз ететін болсақ «Слесарлық іс» құзіреттілігі бойынша 2 курс студенті Әсімхан Жасұлан өз білімін сынға салды. Студенттің жетекшілері аға шебер Бижанбек М.З, өндірістік оқыту шебері Сейдахметов Б.А. Аталмыш өңіраралық чемпионатта колледждің өндірістік оқыту шебері Сейдахметов Болат Асқарұлы студенттердің жұмысын бағалауда сарапшы ретінде қатысты. Жалпы «Слесарлық іс» құзыреті бойынша аймақтан 15 команда сайысқа түсті. Бұл заман білекке емес, білімге, іскерлікке сенетін заман болғандықтан студенттер тартысты додаға түсті. Студенттерге берілген тапсырма қалыңдығы 2 мм болатын металл қаңылтырдан құрал-сайман салатын тумба жасау болатын. Тапсырма 4 модуль бойынша, 7,5 сағатта орындалды. Атап айтсақ, тумбаның тартпаларын жасау және тағандарын өңдеу, тартпаларға ұя дайындау және тұтқа жасау, тұтқаның бөлшектерін дайындау және оны конструкцияға қондыру, бұйымды құрастыру (құрал-сайман тумбасы).

   Осы чемпионатта біздің студентіміз Әсімхан Жасұлан 4 модуль бойынша 52,4 балл жинап, 3 орынға тұрақтап, алғысхатпен марапатталды.

    «Дәнекерлеу ісі» бойынша қолмен доғалы және аргонмен, жартылай автоматты дәнекерлеу технологиясы қолданылып, 4 модульдік практикалық жұмыстар орындалып, ұпай санымен алдыңғы қатардан көріне білді. Бұл құзіреттілік бойынша «Дәнекерлеу ісі» мамандығының 2 курс студенті Сейсекеев Ерасыл қатысып, 18 команданың арасында 4 орынға ие болды. Студентті сайысқа дайындаған өндірістік оқыту шеберлері Шарипов Қ.Ғ, Баймұханова А.С.

   «Сылақшы» мамандығы бойынша «Құрғақ сылақ және сылақ жұмыстарына» Рүстем Садыбаев қатысып, 10 команданың арасында 7 орынды қанағат тұтса, «Кірпішпен қалау» құзыреттілігіне Толбатов Максим, «Сырлау және декоративті жұмыстар» құзыреттілігінде Шыныбаев Самат 4 орындарға ие болды. «Плиткамен қаптау» жұмысына қатысқан Ахнаев Алишер денсаулығына байланысты чемпионаттың соңына дейін қатыса алмады. Аталған мамандық бойынша студенттерді дайындаған өндірістік оқыту шеберлері Сакенова Ж.Д, Абенова Ә.М.

   Әрбір істің нәтижесі оның дер уақытында, дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Осы орайда колледж студенттерінің күнделікті дайындығын қадағалап, чемпионатқа қатысуын қамтамасыз етіп, ұйымдастыра білген колледж директорының оқу-өндірістік істер жөніндегі орынбасары Байсеркин Сәбит Қайырбекұлының еңбегі зор.

    Қазіргідей білім беру саласында кәсіби қызығушылықты қалыптастыру мәселесі жаңа тұрғыдан бой көтерген заманда, әрбір бүгінгі студент- ертеңгі маман өзінің қабілеті мен білімін тиімді пайдаланып қана қоймай, еңбек нарығында бәсекелестікке әзір болуы керек. Сондықтан болашақ маманның алған білімін толықтырып,теориялық білімді практика жүзінде іске асырып, дәлелдеуі үшін осындай сайыстардың маңызы өте жоғары.

 

Фотоматериалдар:

 Салгиева М.Т- ҚР «Халық қаһарманы»

 Р.Қошқарбаев атындағы БТК өндірістік оқыту шебері.

 

Просмотров: 323 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Март 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright MyCorp © 2021
uCoz