Қазақстан Республикасы «Халық қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде 29.10.18, 01.11.18 ,02.11.18 күндері қала мектептерінің 9 сынып оқушылары үшін кәсіби мамандықтарға баулу іс-шарасы өтті. Іс-шараға № 3,9,10,15 ,16 ,17,24,25 орта мектептерімен № 2,3,4 мектеп - интернаттарының оқушылары қатысты.
Мектеп оқушыларына директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Байсеркин Сәбит Қайырбекұлы колледжде кәсіпорындарға қажетті, білікті жұмысшы мамандарды дайындауда атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтсе, аға шебер Мейрамқұл Зәкенұлы Бижанбек студенттердің ағаштан, металдардан әр-түрлі жасаған бұйымдарын көрсетіп ,жасалу әдістерімен таныстырды. 3 курс студенттері Сейсекеев Ерасыл дәнекерлеу шеберханасында металдан әр түрлі қалыпта қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен көркемделген бұйымдарды және Әсімхан Жасұлан кіші көлемдегі сувенирлік шелектер мен ағаштан киім ілгіштерді жасап практика жүзінде іске асырды.
Өндірістік оқыту шеберлері колледж тарихын және берілетін мамандықтар бойынша , жақсы оқитын студенттерге берілетін шәкірт ақы тағы да басқа жеңілдіктер туралы толық ақпараттар берді. Сонымен қатар оқушылар дәнекерлеу, слесарь құрылыс, кран, автомобиль көлігіне қызмет көрсету шеберханаларында практикалық жұмыстар жасап, мамандықтарға қызығушылықтарын байқатты.
Фотоматериалдар:









Өндірістік оқыту шеберлері: А.С.Баймуханова, С.Е.Серикова |