Вторник, 09.03.2021, 1:48:58
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2021 » Февраль » 11 » Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы
3:39:06
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы

                 ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде ақпан айының 01.02. 21-06.02.21 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Г. Қ. Жетписбекова мен Р. Б. Алибаевалар апталықтың жоспарын жасап, 01.02 күні апталықтың ашылуы болды.  Мұнда жүргізушілер қазақ тілі, ана тілінің маңызы туралы айтып, тіл туралы тақпақтар оқыды. Колледж ұжымын  апталықтың жоспарымен  таныстырды. Бұл апталықтың жоспары бойынша іс-шаралардың бәрі қашықтықтан өткізілді. Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай колледжде көрме ұйымдастырылды. Биылғы жыл айтулы оқиғаларға толы жыл болмақ. Біздің колледждің құрылғанына  80 жыл толса, алдымызда еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жыл мерейтойы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр.

Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты. Иә, Мұқағали - ғажайып, сыршыл, ақын.  Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,  сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

           Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Райхан Баймухатовна Алибаеваның ұйымдастыруымен ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жыр жүйрігі - Мұқағали» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кештің мақсаты ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып,  М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы студенттерді әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу, поэзия әлемінің сырын ашу болды. Бұл әдеби кештің барысында студенттер Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен жан-жақты танысты.

     Кештің жүргізушілері Төлеп Әли мен Елемеес Бақытжан ақынның өмірінен толымды сыр шертіп, шығармашылық шың белестеріне тоқталды. Слайд тақтасы арқылы қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын туралы мол мағлұматтар беріліп отырылды. Мұнымен қоса М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы, поэмалары туралы  слайдтар көрермен назарына кезең-кезеңімен ұсынылды.

     Бұдан соң колледж студенттері Қожахметов Ернар, Жаксылыков Нұрсұлтан, Тулебаев Мерас, Абеуова Назерке, Мақсұт Темирлан, Нұрлан Бексұлтан, Серік Бауыржан, Тұяқ Дархан, Елемес Бақытжандар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқып көрермендердің көңілінен шықты.  

     Әдеби-сазды кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың  бірнеше әндері шырқалып, көрермендер қошеметіне бөленіп отырды.

         Мұқағали Мақатаевтың қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ. Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұңын, әке зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін,пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын. Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы.

          Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген Мұқағали Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес.

Апталықтың қортындысы шығарылып, апталыққа белсене қатысқан студенттер мадақтамамен марапатталды.      

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Г. Қ. Жетписбекова мен Р. Б. Алибаева

 

 

 

Просмотров: 12 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Февраль 2021  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Copyright MyCorp © 2021
uCoz