Вторник, 09.03.2021, 1:01:10
Приветствую Вас Гость | RSS

  Балхашский технический колледж имени "Халық қаһарманы"Республики Казахстан Р.Кошкарбаева

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2020 » Февраль » 10 » Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл
3:11:23
Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл

03.02.2020 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен апталықтың аясында Абай мұрасы – халық қазынасы» атты Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында колледж студенттері ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформаторы Абайдың өмірі мен шығармашылығына жан-жақты тоқталды. «Құнанбай және Абай», «Абай мен Тоғжан» тақырыптарына Э-19-1 тобының студенттері Шембек Т., Амантай Ж., Исабаев Ә., Омарова Б. көрністер көрсетіп, кештің сәнін келтіргендей. Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету мақсатында өткізілген бұл кеште ТОРА-19-1 тобының студенттері Қалиасқар Ж., Төлеп Ә., Елемес Б. және К-19-1 тобының студенттері Салтанатов Қ, Кемербаева Т., Кирячева А. МС-19-1 тобынан Дәуренбеков А., Рымтаев Р., ЭГС-19-1 тобынан Абдирбаев Д. ақынның өлеңдері мен қарасөздерін, аудармаларын жатқа мәнерлеп оқып, белсенділік танытты. Кеш соңы Абайдың ән әлеміне ұласып, көрермендерді ерекше сезімге бөледі. Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. “Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған”, – деп кемеңгердің өзі айтқандай, Абай – артына өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасай беретін кемеңгер.

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Жетписбекова Г.К.

Просмотров: 133 | Добавил: ansacom | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Февраль 2020  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829

Copyright MyCorp © 2021
uCoz